Жарақатқа кім кінәлі?
Облыстық әкімдіктің 2014 жылдың 8 шілдесіндегі № 314 қаулысына сәйкес еңбек инспекциясы басқармасы құрылды.
Жаңадан шаңырақ көтерген облыстық басқарманың қызметкерлері мемлекеттік еңбек инспекциясының мін-детін атқарады. Оның құзырына Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығына байланысты ұйымдарда еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік шараларының талапқа сай белгіленуі бақылауға алынады. Сонымен қатар, еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің шағымдары мен өтініштерін де мемлекеттік инспекторлар тексереді.
Еңбек қауіпсіздігі ережесі туралы бұрыннан баспасөзде жарияланып келеді. Мұның еңбек адамын қорғауда ықпалы зор. Кәсіпорындарда, ұйымдарда еңбеккерлердің сапалы жұмыс істеуіне, денсаулығын сақтауда қауіпсіздік шараларының пайдасы бар.
Халықаралық еңбекті ұйым-дастыру саласының мәліметте-ріне сүйенсек, әлемде күн сайын 270 миллионға жуық қай-ғылы оқиғалар тіркеледі екен.
Мұндай келеңсіздік біздің елімізде де кездеседі. Қазақстанның кәсіпорындарында күніне екі мыңнан астам адам жарқат алады. Сол себептен, еңбекті қорғау және қауіп-сіздікті қамтамасыз ету әлеуметтік-экономикалық мәселеде маңызды орын алады.
Бұған біздің облыста да ерекше мән берілген. Былтыр өндірістерде 166 қолайсыз оқиға тіркелді.
Дегенмен, бұрнағы жылмен салыстырғанда қайғылы оқиғалар саны 171 немесе 23% пайызға кемігені байқалады. Соның ішінде ауыр түрде жарақат алу фактісі 38%-ға төмендеген. Әйтсе де, жарақаттан көз жұмғандар саны өсіпті. Мұның ішінде Қостанай қаласындағысы – 13, Рудныйда – 8, Алтынсарин, Ұзынкөл, Таран, Жітіқара аудандарында – бір-бірден.
Мәселен, әрбір үшінші жарақат алу фактысы еңбек етуші мен жұмыс берушінің кінәсінен туындаған. Жиырма бес оқи-ғаның (адамның көз жұмуы) сегізі тікелей жұмыс берушінің салдыр-салақтығынан орын алған. Он жетісіне еңбек адамы мен жұмыс беруші кінәлі.
Шындығына келгенде, өн-дірістік жарақат алушылық көпшілігінде ауыл шаруашылығында және құрылыс саласында кездеседі. Мәселен, ауыл шаруашылығында қы-рықтан астам адам жарақат алған. Бұл салада қауіпсіздік шаралары күшейтіле бастағандықтан жарақаттану біршама азайды. Алайда, құрылыстарда мертігу оқиғасы 16% артты.
Кен байыту саласында жарақаттанушылық жоғары – жиырма бес адам, коммуналдық шаруашылықта – он жеті адам.
Есепті кезеңде мертігушілік Қостанай қаласында көбейген – алпыс жеті адам. Рудныйда – он сегіз, Лисаков қаласында – он төрт. Жітіқара ауданында – он тоғыз, Жанкелдин, Аманкелді және Сарыкөл аудандарында мұндай жағдайлар болмаған.
Жалпылай алғанда, өндірісте жарақат алу адамның сақтануды ұмытушылығынан туындайды. Көпшілік жерлерде еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері толық сақталмайды.
Зерттеу жұмыстары жүргізілгенде Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігінде экскаватор машинасы көмекшісінің сақтанбағаны анықталды. Машинист кө-мекшісі экскаватордың борттық рамасын тазарту кезінде салғырттыққа салынған. Қауіпті аймақта үнемі абайлау керек. Әлгі жігіт соны ұмытқан. Кен топырағы құлағанда жарақат алған. Медицина қызметкерлері жедел жеткенімен, жарақат алушыға көмек бере алмады. Машинист көмекшісі ауыр жарақаттан көз жұмды.
Ермекбай
ХАСЕНОВ