Мас жүргізуші қамауға алынды

Меңдіқара ауданының тұрғыны ішімдік ішіп көлік жүргізгені үшін қамауға алынды және өмір бойы көлік тізгініне отыру құқығынан айырылды.Бұл туралы Қостанай облысының Меңдіқара аудандық полиция бөлімі хабарлады.Биыл Меңдіқара ауданында мас күйіндегі жүргізушілердің көлік құралын басқарғаны үшін 30 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Аудан тұрғындарына қатысты он бес тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру туралы қаулы шығарылды.
Алайда, полиция хабарлағандай, кейбір жүргізушілер басқару құқығынан айырылып, жол ережелерін өрескел бұзуды  жалғастыруда.
Мысалы, патрульдік полиция қызметкерлері осындай қасақана көлік қылмысын жасаған 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам  көлік басқару құқығынан айырыла отырып әрі мас күйінде бірнеше рет рөлге отырған.
Меңдіқаралық тұрғын ҚР ҚК 346-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатыр. Бұдан басқа, сотталған адам өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Айта кетейік, жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жүргізушілердің жол жүру ережелерін саналы түрде өрескел бұзуына, жылдамдық тәртібін, жол жүру кезектілігін, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты дұрыс таңдамауға, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзуға және мас күйінде көлік құралын басқаруға байланысты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓