Ауыл – ел бесігі

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудандарға жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысанның жай-күйімен танысты. WhatsApp Image 2020-01-29 at 15.13.30
WhatsApp Image 2020-01-29 at 15.13.23Аймақ басшысы Сарыкөлдегі «Ново-Урицк» орта мектебіне бас сұғып, ұстаздармен және оқушылармен кездесті. Бертінге дейін әбден ескіріп, сын көтермей тұрған мектеп ғимараты былтыр ғана «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 124 млн теңге қомақты қаржыға күрделі жөндеуден өткен. Бүгінде білім ошағының іші-сырты адам танымастай өзгеріп кеткен. Күрделі жөндеуден кейін мектеп жанынан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған шағын орталық ашылыпты. Қазір мұнда 24 балғын тәрбиеленіп жатыр. Облыс әкімі орталыққа бас сұғып, балалардың тәрбие сабақтарымен танысты.  Мектеп сыныптарын аралап көрді. Асханаға кіріп, балаларға арналған ас мәзірімен танысты. WhatsApp Image 2020-01-29 at 15.13.17
WhatsApp Image 2020-01-29 at 15.13.20
WhatsApp Image 2020-01-29 at 15.13.29Одан кейін мектептің спорт залына барып көрген өңір басшысы мұндағы жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілгенін атап өтті. 45 жыл күтім көрмеген көне спорт залдың есік-терезелері мен шатыры толығымен ауыстырылып, едені жаңартылған.WhatsApp Image 2020-01-29 at 15.13.24
Архимед Мұхамбетов одан кейін аудан тұрғындарын қабылдап, ел көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.
 
Нұрқанат Құлабаев
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓