Айырбастау пунктерінің жаңа ережелері

Жиі қойылатын сұрақтар мен оған берілген жауаптарды назарларыңызға ұсынамыз.Dgapn9mW
Қазақстанда айырбастау пункттерінің жұмыс тәртібін неліктен өзгертті?
Жұмыс кестесінің өзгеруі айырбастау пунктері мен оның клиенттерінің қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл шара кешкі және түнгі уақыттарда қолма-қол шетел валютасының көтерілу фактісін, халық арасындағы негізсіз дүрлікпені болдырмайды. 
Бұл–  жалпы әлемдік тәжірибе. Көпшілік елдерде айырбастау пункттері тек күндізгі уақыттарда жұмыс істейді – Италияда, БАӘ, Польшада, Грузияда, Тайландта және тағы басқа елдерде.
Көпшілік банктен тыс айырбастау пункттерде 1 ақпаннан бастап сағат 9.00 ден 20.00-ға дейін жұмыс істейді.
 
Ал туристер немесе шетелге баратын адамдар үшін қалай болмақ?  Олар қолма-қол ақшаны түнгі уақытта қайда айырбастайды?
Республикаға әуежайлар, т/ж вокзалдары және мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттері арқылы келетін/кететін адамдардың қолайлылығы үшін айырбастау пункттерінің жұмыс кестесі шектелмейді – айырбастау пункттері тәулік бойы, ал бірінші санаттағы ірі сауда орталықтарында – 22.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Жұмыс кестесін ауыстыру қолма-қол шетел валютасымен, валюталық бағамдармен және спрэд операцияларын шектемейді.
 
Валюта айырбастау кезінде құжаттарды не үшін талап ету керек?
Деректерді тіркеу жеңілдетілген түрде жүргізіледі. Егер операция сомасы 500 мың теңгеге дейін болса, клиент тек жеке басын куәландыратын құжатын ұсынады. Бұл – көптеген әлем елдерінде қолданылып жатқан халықаралық тәжірибе.  Бұл шаралар Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруғ ақарсы іс-әрекетке бағытталған.
Клиенттерге өзі қандай да бір бланкілерді толтырудың және оған уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Айырбастау пункттерінің иелері процесті автоматтандыру үшін азаматтың электрондық жеке куәлігінің чипінен ақпаратты оқу үшін құралдар сатып ала алады. Бұл кәсіпкердің қалауы бойынша.
 
Кассирлер 500 мың теңгеден астам валюта айырбастау кезінде тіркеу мекенжайын неге сұрайтын болады? Мекенжай анықтамасы қажет пе?
Бұл норма жаңа талап емес. Ол 2018 жылдан бастап әрекет еті пкеледі. 500 мың теңгеден астам сомаға ақша қаражатын айырбастау кезінде бұрын қолданыста болған деректерді тіркеу тәртібі қолданылады.
Қызметкерлер клиенттің жеке куәлігін және заңды мекенжайын (тіркелген орнын) сұратады. Мекенжай анықтамасын ұсыну қажет емес. Ұсынылған деректердің дұрыстығына клиенттер жауап береді.
 
Қазақстандықтардың дербес деректерімен не болып жатыр?
Клиенттердің деректері айырбастау пункттерінің тізілімдері журналында электронды түрде тіркеледі және басқа мемлекеттік органдарға берілмейді. Қаржы мониторингі органдары жекелеген азаматтар бойынша олардың қызметін заңдылық тұрғысынан тексеру үшін ақпарат сұратылған жағдайда ақпарат беріледі.
 
Шетелдерде айырбастау пункттері қалай жұмыс істейді?
Ресейде банктен тыс айырбастау пункттері жоқ, қолма-қол валютаны тек банктерде ғана айырбастауға болады. Деректерді тіркеу ережелері 2015 жылдан бастап әрекететеді.
Егер сома 15 мың рубльден (90 мың теңгеден артық) асатын болса, онда айырбастау пункттерінің клиенттері жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті. Айырбастау пункттерінің көпшіліг ісағат 9.30-дан 20.00-ге дейін жұмыс іс тейді. Демалыс күндері кейбір айырбастау пункттері кешірек ашылады және 18.00-де жабылады.
2018 жылы Ресейде де долларизация науқаны аясында көшелерден доллар мен Еуро бағамдары бар таблоны алып тастады.
Беларусь елінде   валюта айырбастау пайдаланушыларын 2014 жылдан бастап жаза бастады. Айырбастау пункттері тәулік бойы жұмыс істемейді. Олардың басым бөлігі сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Олардың негізгі үлесі банк бөлімшелерінде тұр.
Германия мен Нидерландыда валюта айырбастау кезінде міндетті түрде паспортты сұратады. Айырбас пункттері клиенттерді 8.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайды. Демалыс күндері олардың кейбірі түстен кейін жабылуы мүмкін.
Нидерланды әуежайларында шамамен 22.00-ге дейін қолма-қол ақша айырбастауға болады. Негізінен, банктің айырбастау пункттері қызмет көрсетеді.
Жалпы, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, айырбастау орындарында елдердің басым бөлігі паспорт көрсетуді талап етеді. Мысалы, БАӘ, Таиланд, Италия, Чехия және т.б. елдерде құжатсыз валюта айырбастауға болмайды.
Оның үстіне, көптеген елдердің айырбастау пункттері тек күндізгі уақытта жұмыс істейді
Туындаға нсұрақтар бойынша Ұлттық Банктің Қостанай филиалына хабарласуға болады, тел. 87142990917, 990918.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓