Жерде өнген жерде қалмайды
Үстіміздегі жылы астықты алқаптағы майлы дақылдардың үлесі артты. Дәлірегін айтсақ, 352 мың гектарға ұлғайды. Аудан әкімдіктері берген мәліметтерге сүйенсек, биыл гектарына 7 центнерден өнім жиналмақ. Облыстық ауылшаруашылық басқармасы майлы дақылдардың тұқымын сақтауға арналған қоймалар мен өнім өңдейтін кәсіпорындарды аудандарға бекітіп берді. Олар өз кезегінде астық кептіретін қондырғылары, қоймалары жоқ шаруашылықтар мен астық қабылдау пункттері арасында келісім – шарт жасауды ұйым-дастыруы қажет.

Әлібек
ЫБЫРАЙ