Жалдамалы баспана бағдарламасында жаңашылдық
2016 жылдан бастап пәтерлерді жалға алғандар мүлік салығын жеке тұлғалар үшін қарастырылған, 1,5 пайыздан 0,25 пайызға дейін төмендетілген мөлшерлеме бойынша төлейтін болады
Жалға берілетін пәтерлерді тұрғызу мен тапсыруға қатысты республика бойынша жалпы аумағы 306,5 мың шаршы метр 5 416 пәтерге қосымша келісімшарт жасалған. Жыл соңына дейін жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша жалпы аумағы 262,5 мың шаршы метр 4 596 пәтер Астана, Семей, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент, Көкшетау, Тараз, Қызылорда және Талдықорған қалаларында беріледі.