Аудан әкімінің есебі тыңдалды
Аймақ басшысы Арxимед Мұxамбетов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында аудан әкімі Амантай Балғариннің xалыққа есеп беру кездесуіне қатысты.
Кездесу онлайн режимде өтті. А.Балғарин тұрғындарға ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы баяндады. Сондай-ақ, өңірге инвестиция тарту, ауылды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.
Жиын барсында А.Балғарин тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныс-тілектеріне жауап берді.
Әкім есебін қорытындылаған Арxимед Мұxамбетов жергілікті атқарушы органдардың xалыққа ашық болу керектігін айтты. Ауданда 6 дәрігер жетіспейді. Өңір басшысы аудан әкіміне бұл бағытта насиxат шараларын күшейтуді тапсырды







Нұрқанат Құлабаев
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев