Рудныйда көшпелі кеңес өтті

Рудный қаласының әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі 4 мәселені қаралды.руден
Алдымен Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов пен Амангелді ауданының әкімі Нұржан Өтегенов өз аумағына тиісті мемлекеттік органдардың 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы стратегиясын қалай жүзеге асырып жатқандығын егжей-тегжейлі баяндады. Одан кейін сөз тізгінін облыстық статистика департаментінің басшысы Қанат Барымбеков пен Мемлкеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Айдос Қасенов жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға тоқталып, нақты мысалдар арқылы атқарылған жұмыстарына қорытынды жасады. Жиналыс барысында Әдеп кеңесінің төрағасы Берік Бекжанов баяндамашылардың есебін дауысқа салып, бір ауыздан мақұлдады. Тиісті шешімдер шығарып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Күн тәртібіндегі соңғы сұрақ Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округының әкімі Бауыржан Нұрғазинға қатысты болды. Әкімшілік істі қараған Кеңес мүшелері лауазымды тұлғаға қызметтік көлікті өз мақсатында пайдаланғаны үшін «ескерту» тәртіптік жазасын тағайындады.
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓