Еселі көрсеткіштер есебі
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов өңірлерге жұмыс сапары барысында Алтынсарин ауданының әкімі Ерлан Жамановтың халыққа есеп беру жиынына қатысты. Бүгінде Алтынсарин ауданында 17 мыңнан астам халық тұрады. Аудан 210 мың гектар алқапқа дән егеді. Оның 130 мың гектарын бидай алып жатыр. Өткен жылғы қуаңшылыққа қарамастан, жергілікті диқандар әр гектардан орташа есеппен 7,2 центнерден өнім алған. Ауыл шаруашылығына көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау да қомақты. Былтыр Алтынсарин өңіріндегі егін шаруашылықтарына мемлекет тарапынан жалпы көлемі 421 млн демеуқаржы бөлінген. Аудандағы мал басының жалпы саны, шамамен, 245 мыңның үстінде. Мал басын көбейту, асылдандыруға арналған бағдарламалар тиімді жүзеге асырылуда. Ауданда шағын кәсіпкерлік саласы жанданып келеді. Е.Жаманов ауданның бір жыл ішінде қол жеткізген табыстарын тізбелеп шығып, тұрғындардан түскен сұрақтар мен ұсыныс, тілектерге жауап берді.
Жиынды облыс әкімі қорытындылап, ауданның әлеуметтік-экономикалық аһуалына оң баға берді. Жиыннан соң Архимед Мұхамбетов аудан тұрғындарын қабылдады.
Жиынды облыс әкімі қорытындылап, ауданның әлеуметтік-экономикалық аһуалына оң баға берді. Жиыннан соң Архимед Мұхамбетов аудан тұрғындарын қабылдады.
Нұрқанат Құлабаев
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев