«Шамасы жарақат алған сияқтымын»: өзгелердің өмірін сақтаймын деп қаза тапты

19 қаңтар күні Тобыл қаласының Комсомольский көшесіндегі үйлердің бірінде отбасылық жанжал болып жатыр деген хабарлама түседі. 6 минуттан кейін патрульдік полиция жасағы оқиға орнына келген.
IMG-20200119-WA000911111
 
Экипаждағы полиция сержанттары Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов 28 жасар мас еркектің жанұясын түгел қырып тастаймын деп бүлік шығарғанын естиді. Ал бұзақы пышақ алып, үй ішінің зәресін алғандықтан, туыстары оны тәртіп сақшылары келгенше оқшау жерде қамап ұстап отырыпты. Сол арада «102» номеріне қоңырау шалған.
«Бұзақыны ұстау кезінде полиция қызметкері Дархан Базарбаев пышақ жарақатын алды. Өліммен арпалыса жүріп ол күдіктіні залалсыздандырып, отбасы мүшелеріне төнген қауіптің алдын кесті. Тек осыдан кейін-ақ тәртіп сақшысы өзінің жараланғанын білген. Оқиға орнына келген «жедел жәрдем» полиция сержантының өміріне араша бола алмады» делінген Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
IMG-20200119-WA0010
Пышақ полиция сержантының жүрек тұсынан қадалған екен, бастапқыда оны сезбепті. Тек кейін қасындағы әріптесіне «шамасы жарақат алған сияқтымын» депті.
Қазіргі таңда қаскөй тұтқындалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 тармағы бойынша («Қызмет бабын орындау барысындағы тұлғаны өлтіру») соталды тергеу ісі басталып кетті. Және басбұзардың бұрын сотталғаны да белгілі болды.
Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қызмет бабын орындау кезінде қапияда қаза тапқан 25 жасар полиция сержанты Дархан Базарбаевтың отбасы, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
22222222
Дархан 2016 жылы Отан алдындағы әскери борышын өтеп келгеннен кейін полицияға жұмысқа тұрған. Спортпен үзбей шұғылданып келген. Өткен жылдың наурыз айында отбасын құрыпты. Марқұмның артында 4 айлық баласы қалды.
Осыдан бір жыл бұрын полиция сержанты аязды күні иен далада «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісін үсіктен аман алып қалғаны әріптестерінің есінде.
Айта кету керек, тәуелсіздік алған жылдардан бері өңірімізде қылмыскерлерді құрықтау барысында 13 полиция қызметкері қаза тапқан.
3333

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓