Елбасына мың алғыс

IMG_8778Қасымхан АЛДАБЕРГЕНОВ,
Ұлы Отан соғысының ардагері.
Еліміз жаңа, 2015 жылға, қадам басты. Бұл белес – Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске 70 жыл толатын айшықты кезең. Сол қанқұйлы соғыстың от-жалынына  жиырма жасқа толар-толмас шақта шарпылған біздер де  тоқсан атты тарланбоз жасқа келдік.
Құдайға шүкір, еліміздің дамығанын, аузын айға білеген алпауыт елдермен терезесі тең болып, бүкіл әлемге таныл-ғанын, бүкіл әлемді мойындатқанын көрдік. Көрдік те Тәуелсіздік алған Ел тізгінін ұстаған Елбасының көреген саясатына, білім-білігіне, даналығы мен іскерлігіне ерекше риза болдық.
Қазақ елі Тәуелсіздік алған жиырма үш жылда ғасырларға тең жолдан өтті. Экономикамыз бен әлеуметтік саламыз орасан зор биікке көтерілді. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама арқылы қаншама өндіріс ошақтары ашылып, қаншама жаңа жұмыс орындары пайда болды. Біз кеше ғана ОБСЕ Саммитін өткізіп, бүкіл әлем назарын Қазақстанға аудардық, енді  2017 жылы ЭКСПО көрмесін  өткізіп, жаңалық пен  жақсылықтың жаршысы болмақпыз.
Биылғы жыл – Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс жылы. Соған орай жыл айрығында Қазақ елінің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, өзінің жүрекжарды тілегін айтты. Елбасының ыстық ықыласын облыс әкімі Нұралы Садуақасовтың өзі арнайы келіп, отбасым – қара орманымның алдында жеткізіп, мерейімді үстем етті.
Даланың дана ұлы, Елбасы Нұрсұлтан інім мен оның облыстағы өкілі Нұралы балама ақсақалдық ақ  алғысымды айтып, ең ізгі тілектестік  көңіл-пейілімді білдіремін.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓