Тіркеусіз көлік – бүркеусіз мәселе

"Жолда қабылдау" республикалық акциясының алғашқы сағаттарында Қостанай полицейлеріне 200-ден астам сұрақ қойылды. Тұрғындарды қызықтырған өзекті мәселе – шетелдік есепте тұрған көлікті тіркеу. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.Ffr1Gpb6URw
Кездесуге қатысқан азаматтар мен БАҚ журналистеріне Қостанай филиалының орынбасары Эльдар Күзенбаев пен Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмағұлов жауап берді.
– Бүгін сындарлы диалог аясында біз Қостанайдың автокөлік иелері бастамашыл тобының мәселелерін, сондай-ақ Полиция департаменті мен Мемлекеттік кірістер депаратментінің түсініктемесін тыңдауға жиналып отырмыз, – деп атап өтті Эльдар Күзенбаев.
"Жолда қабылдау" қатысушыларының пікірін тыңдай отырып, Қостанай облысы ДП бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмағұлов әрбір сатып алынған автомашинада өз тарихы бар екенін және бұл жерде әрбір фактіге жеке қарау керектігін түсіндірді.yw0Bklpb04E
– Біздің тарапымыздан қандай да бір жазалау шаралары қолданылмайды. Егер жүргізушін жол қозғалысы ережелерін бұзса ғана жауапқа тартамыз, – деді полиция полковнигі.
Бастамашы топ өкілі Диас Нұрмағамбетовтің айтуынша, олар республика басшылығына жеткізуді сұрайды.
– Біз көлікті тіркеуге қарсы емеспіз, біз тек шығынның көп екенін айтқымыз келеді. Біз тағы да полиция департаментінің өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізуге дайынбыз, – деп атап өтті Диас Нұрмағамбетов.
Өз кезегінде, Қостанай филиалының орынбасары Эльдар Күзенбаев қазір "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының фракциясы хат дайындап жатыр, ол жақын арада орталық аппаратқа жіберілетінін ескертті.
– Біз сындарлы диалог ретінде осы мәселені талқылауға дайынбыз. Өз тарапымыздан қалай көмектесуге болады, бәрін жасаймыз, – деді Эльдар Күзенбаев.
Облыс орталығының тұрғыны Анатолий полиция қызметкерлеріне келесі сұрақты қойды. Оның ұлы Ресей тұрғынына ресімделген автокөлікті жүргізеді екен. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревский аталған көлік Қазақстан аумағында 11 ай, яғни бір жыл ішінде 30 тәулікке шекарадан шығу керектігін айтты.
Сондай-ақ, облыс тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфир өткізу аясында онлайн сауалдарына жауап ала алды. Бұдан басқа, азаматтардан сұрақтар "жедел желінің" 8 (7142) 52-57-58 телефоны бойынша да келіп түсті.F5KYLfVS4Rs
Естеріңізге сала кетейік, "Жолда қабылдау" республикалық акциясы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша ай сайын 2019 жылдың сәуір айынан бастап өткізіліп келеді.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓