5-ші қала пайда болады
Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. Облыстағы қалалар қатарына Қостанай іргесіндегі Затобол елді мекені қосылмақ.
– Қостанай облысында ресми 4 қала бар. Олар: Қостанай, Рудный, Лисаков және Арқалық. Жітіқара қала санатына жатқанымен, ол аудан мәртебесіне ие. Затобол кентінде 25 мыңнан астам тұрғын бар. Мұның өзі осындан он жыл бұрын өткен санақтың нәтижесі. Келесі жылы халық санағы қайтадан өтеді. Ал Заречный елді мекеніндегі тұрғындар саны 10 мыңға жетеді. Мичурин маңындағы "Көктем", "Тобыл-1", "Тобыл-2" аудандарында, шамамен, 4-5 мың пәтер бар. Әр отбасыны орта есеппен 4 адамнан есептегеннің өзінде 20 мың адамға жуықтайды. Сондықтан, мен жақында Затоболға қала статусын беру туралы тапсырма жүктедім. Бұл министрлікте пысықталуда. Осылайша, облыста ресми 5 қала болады, – деді облыс басшысы.
Сондай-ақ, А.Мұхамбетов аталмыш "Көктем", "Тобыл-1", "Тобыл-2" аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына 114 млн теңге бөлініп, оған 9 жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатқанын хабарлады.
Жиын барысында ІТ-лицей ашылатыны туралы да мәлімделді. Ол облыс орталығындағы Сибирский көшесінен орын теппек. Қазір таңдалған ғимарат босатылып жатыр. Оған тиісті жабдықтар алу үшін 178 млн теңге жұмсалмақ. Мұның сыртында, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ базасында агротехнологиялық орталық ашылады. Бұлар цифрландыру бағдарламасы аясында жүзеге асады. Осы және өзге де мәселелерге облыс әкімі 23 ақпанда халық алдында есеп беру жиыны кезінде егжей-тегжейлі тоқталатын болады.
Сонда аудан орталығы қай жер болады?
Аудан орталығы болып қала береді. Мəселен Жітіқара ауданының орталығы Жітіқара қаласы. Тек оған Рудный, Лисаковск сияқты ерекше əкімшілік аумақ бекітіліп жатса орталықты көшіпу мүмкін