Баға неге бағынбай тұр?
Қостанай облысында тауық еті мен күнбағыс майының бағасы айтарлықтай өскен, – деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Өткен жылғымен салыстырғанда баға үш пайызға артқан. Мұны мамандар осы азық-түлі түрлерінің жетіспеушілігімен байланыстырып отыр. Өйткені өңірде бройлерлік құс өсіретін бір ғана зауыт жұмыс істейді. Бұл сұранысты қанағаттандыруға қауһарсыз. Сондықтан облыс негізінен импортқа иек артуға мәжбүр көрінеді. Күнбағыс майына қатысты жағдай да осыған ұқсас. Ол Ресейден әкелінеді. Ал нан, картоп, қант, жұмыртқа және жарма бағасы тұрақты.
"Бағаны тұрақтандыру мақсатында бізде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры құрылды. Ол үшін 14 өнім түрі сатып алынды. Олардың 13-і бойынша тауар интервенциясы жүріп жатыр. Сондай-ақ, нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында аталмыш қорға 3 192 тонна ұн сатып алынғанын да айта кету керек. Ұн келісі 94 теңгеден сатылады. Бөлшек саудада нан 83 теңгеден саудалануда", – деді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Жанар Балтабаева.