Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері!
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойын атап өтпекпіз.
Майданда жауға қасқайып қарсы тұрған Отан қорғаушыларымыздың арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз.
Жеңіс күні – бірлік пен Отанға деген шынайы махаббаттың символы, болашақ ұрпақтың игілігі үшін майданда жан тапсырған миллиондаған отандастармызды еске алар шақ.
Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қостанайлықтар да атсалысты. Біздің облыстан майданға 73 мыңнан астам адам аттанған. Әрбір үшінші қостанайлық Жеңіс жолында жан тапсырды.
Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай бізге осы атаулы күнді толық атап өтуге мүмкіндік бермеді. Бірақ, біздің облыстың бірде-бір ардагері назардан тыс қалмайды.
Биыл облыстың 82 ардагерінің әрқайсысы бір миллион теңге көлемінде материалдық көмек алды. Сондай-ақ, оларға теңестірілген азаматтар да назардан тыс қалған жоқ.
Біздің жұмысымыз оларды одан әрі қолдауға, сондай-ақ соғыс батырларының ерлігін еске алуға бағытталатын болады.
Құрметті ардагерлер!
Құрметті қостанайлықтар!
Бұл Ұлы күн қайсарлық, батылдық пен жеңіске деген ұмтылыстың белгісі болып қала бермек.
Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақыт, ұзақ өмір және амандық тілеймін!
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓