Қ.Тоқаев: “Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет”
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазақстанға қоғамның сұранысына сай, тиімді және әділ мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет. Бұл ретте ол ең заманауи технологияларды пайдалануға негізделуі тиіс", – деп атап өтті Мемлекет басшысы Жастар кадрлық резерві мүшелерімен кездесу барысында. – Бұл үшін тиісті саяси тетіктерді дамыту керек. Нақты өңір тұрғындарының мемлекеттік шығыстарға қатысты пікірін ескеру мақсатында халықтық қатысу бюджетінің жобасы іске асырылатын болады. Ашық үкімет порталы азаматтардың маңызды шешімдерді талқылаудағы мүмкіндіктерін кеңейтуі тиіс".
Тоқаевтың айтуынша, кез келген жүйенің өміршеңдігінің басты шарты – тұрақты даму және жетілдіру.