Тұнып тұрған қате
Бүгін, 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні. Осынау айтулы күні «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облыстық филиалының өкілдері облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе «Таза тіл» акциясын өткізді.
Басқарма өкілдері белсенді жастармен бірге қала көшелерін аралап, мемлекеттік тілде қате жазылған сыртқы жарнамаларды анықтады. Көзге түрпідей тиетін жазуларды көріп қана қоймай, шағын және орта бизнес өкілдеріне ҚР «Тіл туралы» заңының талаптарын түсіндірді.
Қолданыстағы заңнаманың 21-бабында «…Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады.» делінген. Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. 
Тіл жанашырлары ең алдымен Баймағамбетов көшесінен бастады. Алғашқы нысан – Баймағамбетов 160 мекенжайы. Мұндағы сыртқы жарнамалар қатеге тұнып тұр.
Әсіресе, мәтіндердің мемлекетік тілдегі аудармасы түсініксіз. Сондай-ақ «Ң» мен «Қ» әріптері қазақ тіліндегі сөздерде орынды-орынсыз қолданылған.

Басқарма өкілдері белсенді жастармен бірге қала көшелерін аралап, мемлекеттік тілде қате жазылған сыртқы жарнамаларды анықтады. Көзге түрпідей тиетін жазуларды көріп қана қоймай, шағын және орта бизнес өкілдеріне ҚР «Тіл туралы» заңының талаптарын түсіндірді.


Тіл жанашырлары ең алдымен Баймағамбетов көшесінен бастады. Алғашқы нысан – Баймағамбетов 160 мекенжайы. Мұндағы сыртқы жарнамалар қатеге тұнып тұр.




Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.