20 балықшы құтқарылды

Қостанай облысында қар құрсауында қалған 20 балықшы құтқарылды. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.200114115914450e
Ведомство мәліметінше, 13 қаңтар күні кешкі сағат 22:00 шамасында Қостанайдың «112» қызметіне Қостанай ауданының аумағындағы Ждановка ауылынан 10 шақырым жерде Аққабақ көлінде 20 балықшының қар құрсауында қалғаны туралы хабарлама түскен. 11 көлікке мініп, көлге шығып кеткен балықшылар кешке ауылға қайтар кезде боран соғып, жол бойын бір метрге дейін қар басып тастаған.
«Қиын жағдайға тап болған балықшылар құтқару қызметіне қоңырау шалды. Қостанай облыстық ТЖД құтқарушылары ТРЭКОЛ жол талғамайтын көлігімен көлге жетті. Содан кейін барлық балықшыларды екі кезекпен Ждановка ауылына тақау жерде тазартылған жол учаскесінде тұрған «КамАЗ» көлігіне жеткізді. Сағат 23:28-де құтқарушылар мен балықшылар Қостанай қаласына бет алды. Құтқару операциясы сәтті өтті, зардап шеккендер жоқ», – деп атап өтеді комитеттен.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓