Су тасқынына әзірлік
Тобыл өзені су объектілерін трансшекаралық қорғау және пайдалану бойынша Қазақстан-Ресей жұмыс тобының кезекті отырысында алдағы су тасқынының жағдайы талқыланды.
Биылғы қыс көршілес Челябіде де біздің өңірдегідей өте қарлы болды. Бұл аймақтарда да қараша мен ақпан айлары аралығында қар мөлшерден екі есе көп жауды. Қызыл су қорының көрсеткіші жоғары болып тұр.
-Биылғы жылы Челябі облысында көктем өте ұзаққа созылды. Сондықтан Миасс өзендерінде де көктемгі су тасқыны ұзаққа созылатын түрі бар. Сетеш, Айт, Тоғұзақ өзендері жылдағы мөлшерден тыс тасуы мүмкін. Осыған қарамастан, Челябі облысына қарасты су қоймалары еріген су көлемін көп мөлшерде қабылдауға дайын. Бүгінгі таңда олардың сыйымдылық қуатының тек жартысы ғана толтырылған,- деп Ресей ведомствалық гидрология және су ресурстары бөлімінің басшысы Ирина Сосина сендіріп отыр.
Наурыз айының басында облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өңірдегі 6 су қоймасын тексеріп, платиналардың жағдайын байқады. Олардың барлығы да қанағаттанарлық жағдайда. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысы Талғат Кәкімовтің айтуынша, алдағы су тасқынына Қостанай өңіріне қарасты су қоймалары дайын.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының директоры Мұрат Макенов түсіндіргендей, су қоймаларындағы судың сыйымдылық мөлшері 1 млрд. 402 млн. текше метрді құрайды, бүгінде су қоймаларында 950 млн.су бар.
Айтпақшы, метеорология болжамы бойынша, Қаратомарсу қоймасында 3-9 сәуірде, Тобыл өзенінде 7-13 сәуірде су тасиды деп күтілуде.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ