Белгіленбеген орында ғибадат ету: жауапқа тарту тәртібі

фото: inform.kz
Қостанай тұрғыны тарауық намазын заңсыз өткізгені үшін жауапқа тартылды.
Оқиға биыл 27 сәуірде болған. «А» есімді азаматтың жетекшілігімен Қостанай қаласы, Съянов көшесі, 29-үй мекен-жайында орналасқан «Қостанай қайырымдылық» мекемесінің ғимаратында тарауық намазы өткізілген. Осылайша ҚР заңнамасында дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге белгіленген талаптарды бұзған. Нақтырақ айтқанда, «Қостанай қайырымдылық» мекемесінің өкілі оған келушілер мен Қостанай өңірлік университеті студенттерін жинап, діни рәсім «тарауих» намазын ұйымдастырған. Айта кету керек, аталған мекеменің ғимараты ғибадат үйі, діни бірлестіктің үй-жайы не діни оқу орны болып саналмайды.   
Сот мәжілісінде «А» кінәсін мойындамай, аталған ұйымда директор болып жұмыс істейтінін, Рамазан айында ораза ұстаған, мекемеде уақытша тұрып, тәрбиеленіп жатқан адамдар мен мекемеге келген студенттерге арнап ауызашар бергенін, ол біткен соң намаз оқитындар құлшылық жасағанын айтты.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490 бабының 1 бөлігі 1 тармағына сәйкес, дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге, қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға; діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, заттардыәкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басыпшығаруғажәне (немесе) таратуға, ғибадатүйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) белгіленген талаптарды бұзу – қызметтiүш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
«ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының  7 бабының 2 бөлігінде құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда тұрғынжайларда, қажет болған кезде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі (жасалады). Өзге жағдайлар дадіниіс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады. Яғни жоғарыда аталған Заңның нормаларына сай ұйымдарда құдайға құлшылық ету жол берілмейді», – делінген сот хабарламасында.
Сөйтіп, сот «А» уәжін негізсіз деп тапты. Себебі іс материалына тіркелген бейнетаспада аталған ұйымның ғимаратында оннан астам адам жиналып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген жерде дiни жораларды, яғни құдайға құлшылық етіп, намаз оқығаны дәлелденіп тұр.
         Сот қаулысында «Қостанай қайырымдылық» мекемесі өкілі «А» ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 153 мың 150 (жүз елу үш мың жүз елу) теңге әкімшілік айыппұл салынды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓