Мақсат – әскери-патриоттық тәрбиені нығайту
Қалалық балалар шығармашылығы үйінде «Елбасы Назарбаевтің алғашқы сарбаздары» атты әскери-патриоттық іс-шара өтті. Шараны ұйымдастырушылар – «Ардагерлер одағы (Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдарға және әскери шиеленістерге қатысушылар)» республикалық қоғамдық бірлестігінің қоғамдық кеңесінің өкілдері. Бұл басқосу аясында осы одақтың облыстық филиалын ашу көзделген.
Шара барысында «Ардагерлер одағы» РҚБ-нің үндеуі оқылып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер төңірегінде сөз етілді. Сондай-ақ, әлемде орын алып отырған жағдайларға қатысты қабылдануы тиіс жаңа идеялар мен тұжырымдамалар пысықталды. Қазақстан әскерінің алдында тұрған міндеттер мен мүдделер туралы пікірлер ортаға салынды.