Мобилді, шағын, жеңіл

Wi-Fi желісінің мүмкіндігі шексіз. Оны ғаламторға кірудің ғана емес, өнеркәсіпті цифрландырудың құралы ретінде қарастырғанымыз дұрыс. Мысалы, «ССКӨБ» АҚ Қашар тау-кен өндіру кешенінде енгізілген «Ақылды кеніш» жобасын алайық. «Модулар» диспетчерлік жүйесінің толыққанды жұмысын «MasterLink 11» сымсыз кіру нүктесі қамтамасыз етіп келеді.DSC_1121
Қашар кеніші үлкен бір механизм іспетті. Жүздеген ірі техниканың бірі кен массасын қазса, екіншісі оны тасымалдайды, ал үшіншісі – шаруашылық қызметте. Осы техникалардың барлығында орнатылған есепке алу, бақылау құрылғылары тасылатын кеннің көлемі, сапасы және тағы да басқакөрсеткіштері туралы жедел ақпаратты «MasterLink 11» арқылы онлайн режимде диспетчердің мониторына жеткізеді. Бұл жерде барлық ақпарат жинақталып, өңделген соң диспетчер техникаларды тиімді пайдалану мен орналастыруға қажетті іс-әрекетке көшеді.
– Кеніштің пішіні мен көлемі күн санап өзгеріске ұшырауда. Бүгінде ұзындығы мен ені 3200 метрге жуықтаса, тереңдігі – 465 метр. Сол себепті 7 стационарлы жабдықтан бөлек мобилді 5 дана Wi-Fi тарату нүктесін сатып алдық. Оның біреуі үнемі резервте тұрады. Яғни, кеніштің белгілі бір аумағында байланыс сапасы нашарласа, сол жерге апарып қоямыз. Жиілігі 2,4 ГГц болатын құрылғы сигналды 500-600 метр қашықтыққа дейін қабылдай алады, – дейді «ССКӨБ» АҚ Қашар тау-кен өндіру кешенінініңөндірістік бөлімнің басшысы Александр Мальцев.
«MasterLink 11» сымсыз кіру нүктесінің артықшылықтары көп. Біріншіден, ол күннен қуат алады. Екіншіден, қызмет көрсетілуі мен жөнделуі қарапайым. Ерекше күтімді қажет етпейді. Үшіншіден, мобилді, шағын, әрі жеңіл.
Мамандар, диспетчер мен кенішті жалғаған «көпірдің» игілігі «ақылды фабрика» жобасы іске қосылғанда одан әрі арта түсетіндігіне сенімді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓