Абай – ұлттық болмыстың үлгісі

IMG-20200109-WA0025Биыл – тәуелсіз қазақ елінің тарихында ерекше жыл: биыл ұлы  ақын, жазушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толмақ. 
Абай – халқымыздың ең аяулы перзенті мен ең дана ұстазы. Абайдың туған күнін атап өту – халқымыздың, еліміздің мәдени өмірінде әдетке айналды. Оның әр мерейтойын жыл сайын атап өтудің өзі рухани мәдениетімізді байытатыны сөзсіз, өйткені ұлы бабамыздың шығармасындағы жаңа идеяларды, жаңа білімдерді танып, оның ойшылдығының тереңдігіне, ұшқырлығына, қалдырған қара сөздерінің өзектілігіне осы күндердің өзінде-ақ таң қаламыз. 
Уақыт өткен сайын Абайды жаңаша көреміз. Екі ғасыр бұрын Абайдың ойынан шыққан тәлім-тәрбие осы күндерге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Абай халқына деген, қазақ қоғамына деген жанашырлығын небәрі 45 қара сөзімен білдірсе, оның түбінде қаншама асыл қасиет жатқанын білеміз. 
Осы күндері оқушылар Абайдың бай мұрасын мектеп бағдарламасында оқып таниды. Ұлы ойшылдың философиясы қай пән шеңберінде оқытса да жарамды. Тәуелсіздік алғалы жас буынға Абайдың шығармашылығын оқуға  арналған көптеген қосымша курстар да оқытылады. 
Абайды әлем таныды, дегенмен Абайдың қазақи философиясын терең, мазмұнды түрде тек қазақ ұлты танып, түйіп алары анық. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көріп отыр. Бұл – еліміздің тарихын құрметтеу, оны асқақтату. 
Бүгінгі күні еліміздің үштен бірі – отызға толмаған жастар десек, Президентіміздің осындағы мақсаты – жастарды, еліміздің болашағын ұлттық негізде тәрбиеленуіне бағыт беру, ғылыммен айналысуға жағдай жасау. 
Ендеше, Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда болғай! Қай ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне бергей!
 
Ырсалды Сиелханқызы Келинбердиева,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқрамасының
Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған
мектеп-интернатының директоры

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    Абай — халқымыздың ең аяулы перзенті мен ең дана ұстазы. Абайдың туған күнін атап өту – халқымыздың, еліміздің мәдени өмірінде әдетке айналды. Оның әр мерейтойын жыл сайын атап өтудің өзі рухани мәдениетімізді байытатыны сөзсіз, өйткені ұлы бабамыздың шығармасындағы жаңа идеяларды, жаңа білімдерді танып, оның ойшылдығының тереңдігіне, ұшқырлығына, қалдырған қара сөздерінің өзектілігіне осы күндердің өзінде-ақ таң қаламыз.  Уақыт өткен сайын Абайды жаңаша көреміз. Екі ғасыр бұрын Абайдың ойынан шыққан тәлім-тәрбие осы күндерге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Абай халқына деген, қазақ қоғамына деген жанашырлығын небәрі 45 қара сөзімен білдірсе, оның түбінде қаншама асыл қасиет жатқанын білеміз.  Осы күндері оқушылар Абайдың бай мұрасын мектеп бағдарламасында оқып таниды. Ұлы ойшылдың философиясы қай пән шеңберінде оқытса да жарамды. Тәуелсіздік алғалы жас буынға Абайдың шығармашылығын оқуға  арналған көптеген қосымша курстар да оқытылады.  Абайды әлем таныды, дегенмен Абайдың қазақи философиясын терең, мазмұнды түрде тек қазақ ұлты танып, түйіп алары анық.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көріп отыр. Бұл – еліміздің тарихын құрметтеу, оны асқақтату.  Бүгінгі күні еліміздің үштен бірі – отызға толмаған жастар десек, Президентіміздің осындағы мақсаты – жастарды, еліміздің болашағын ұлттық негізде тәрбиеленуіне бағыт беру, ғылыммен айналысуға жағдай жасау.  Ендеше, Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда болғай! Қай ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне бергей!  

    Ақпарат мына сайттан алынды: https://old.kostanaytany.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓