Балаларға тосынсый
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері жаңа жылдық отырыстан бас тартып, 9 жасар Бағдат Мұқышевке мерекелік сыйлық жасады. Басқарма ұжымы жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына биылда да қатысты. Мектепке қажетті киімдер және оқу барысында керек кеңселік заттар сатып алып берді.
«Бүгінде Бағдатты әжесі Ләззат тәрбиелеп отыр. Ол мейірімді, мінезі жұмсақ бала. Аяз Ата мен ақшақарды көріп, күлімсіреп, жылы қарсы алды. Бағдат келген қонақтарға жаңа жылдық тақпағын айтып берді. Аяз ата басқарма ұжымы жасаған жаңа жылдық сыйлықтарды берді. Бұл өмірде баланың шат күлкісіне не жетсін, Бағдаттың көзіндегі қуанышын көріп біз де қуанып қалдық және осы тәжірибені жалғастыруды қажет деп шештік», – деді басқарма басшысы Гүлжан Меңдекинова құттықтау сөзінде