Тағы да құтырма ма?
Қарабалық ауданында тағы да түз тағысы адамдарға шабуыл жасады. Мал дәрігерлері мұның құтырма болуы мүмкін екенін айтып отыр.
Бұл оқиға Славенский селолық округі аумағында, Песчаное ауылы маңында болды. Қозғалыс барысындағы автокөлікті бұлан қуып, шабуыл жасаған. Рөлде Есенкөл ауылының тұрғыны болыпты. Бұлан көліктің қыр соңынан шақырымдар бойы қалмаған. Бұл жайлы жүргізуші кейін мамандарға хабарлауды жөн көрген. Оқиға маңына Славен ауылының мал дәрігерлері мен аңшылар барған. Ауру жануар табылып, атып тасталды. Бұлан өлексесі өртелді. Денеден алынған патологиялық материал облыстық малдәрігерлік зертханаға жіберілді. Құтырма деген күдіктің расқа шығу-шықпауы 30 күннен соң айқындалады.