Қостанайдағы медиатур: пікір және пайым

Жақында облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан журналистер одағы Қостанайда ауқымды медиатур өткізді. Оған елімізге танымал блогерлер мен заңгерлер шақырылды. Сондай-ақ, Халықаралық Internews ұйымының өкілділігі медиасаланың болашағы жайында қазақ және орыс тілдерінде 4 шеберлік сағаты және медиазаңнамасындағы өзгерістерге арналған сұрақ-жауаптан тұратын сессия өткізді. Медиатур бағдарламасына өңірлік БАҚ жетекшілері, продюсерлер, журналистер, блогерлер, медиазаңгерлер қатысты.31062255_239187706657020_2757317403003597551_nЖалпы, Internews медиамектебі – медиа саласында заманауи, жаңа білім алғысы келетін, кәсіби контент жасауға ынтасы бар блогерлерге, азаматтық ұстанымы бар белсенді адамдарға, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, азаматтық журналистерге арналған вебинарлар мен практикалық сабақтардың тізбегі. Қостанайлықтарға шеберлік сағатын өткізген Ержан Сүлейменовтің сөзінше, билік өкілдері проблемалық материалдардан қашпау қажет. Керісінше, солардан қорытынды шығарып, өздеріне көзір ретінде пайдалануы тиіс. Ал белгілі блогер Өркен Кенжебектің айтуынша, интернет пен әлеуметтік желі екі принциппен жұмыс істейді.48ab34380b4c77a04948bc4dde552d99– Оның біріншісі – екіжүзді болмау. «Мен мына өмірде осындаймын, ал интернетте ойыма не келсе, соны жазам, ондағы мен – мен емес» деген ұстаным жақсылыққа бастамайды. Екіншіден, интернетте айтқан сөзің мен жазуыңа толық жауап беруің керек. Себебі, бұл – майдан алаңы. Сіздің қағыс сөзіңіз қаңғыбас оқ сияқты – біреудің басын жұлмай қоймайды немесе кейін өзіңізге қайта оралады. Электронды БАҚ пен дәстүрлі БАҚ-тың айырмашылығы тек форматында. Электронды БАҚ-тың ұтып тұрғаны сол – бір ғана монитордан радионы да тыңдап, телевизияны да көріп, газетті де оқи аласыз, – дейді блогер.
Айта кету керек, медиатур екі күнге созылды. Қатысушылар арнайы сертификаттарға ие болды.31073151_239265169982607_5192806601677650816_n

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓