Сауапты іске жұмылған

Жас кәсіпкер, кинорежиссер Есбол Жатқанов жаңа жыл қарсаңында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы бүлдіршіндеріне қайырымдылық жаңа жыл шыршасын ұйымдастырып, сый-сыяпат жасады. 25 баланың басын қосқан қайырымдылық іс-шараның басты мақсаты – балалардың көңілін көтеру, оларды қайырымдылық істерге шақыру.
WhatsApp Image 2019-12-29 at 16.04.40
– Балаларға дамытуға арналған ойыншықтар, бағалы сыйлықтар тараттық. Біз бұл арқылы басқа да қолынан іс келетін азаматтарға үлгі көрсеткіміз келді. Қайырымдылық шарасына арнайы есеп шот аштық. Қаржының бір бөлігі облыс тұрғындарынан түсті. Оларға алғысым шексіз. Жаңа жыл шыршасының өтуіне Қазақ драма театры орын беріп, әрі жаңа жыл ертегісін көрсетті, – дейді кәсіпкер.
WhatsApp Image 2019-12-29 at 16.04.15
Жалпы Есбол Жатқанов 2013 жылдан бері осы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының демеушісі болып келеді. Оның айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары дәстүрге айналуы керек.
WhatsApp Image 2019-12-29 at 16.04.15(1)
WhatsApp Image 2019-12-29 at 16.03.21

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓