Жылу ағытылды

Ауа райының күрт жылынып, орташа тәуліктік температураның +10°С-тан төмен түспеуіне байланысты қала әкімдігінде жылу маусымын тоқтату туралы шешім қабылданды. 18 сауірден бастап тиісті мекемелерге  жылумен қамту жүйесін ыстық сумен қамсыздандыру режимімен алмастыру тапсырмасы берілді. Енді жылу тұтынатын нысандарды көктемгі жылу құбырларын жоғарғы қысымды сынақтан өткізу жұмысына дайындау қажет. Ал, емдік (аурухана, емхана) және білім беретін мекемелерде (мектептер, мектепке дейінгі мекемелер) жылу ағыту туралы өтініш түскенге дейін тоқтатылмайтын болады.
        
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓