Алғыс хат алды

Биыл WorldSkills кәсіби шеберлікті шыңдау бойынша өткен Ұлттық чемпионат тұңғыш рет Қостанайда өткізілді. Байқауға облыс колледждерімен қатар, бірқатар кәсіпорындар да қатысқан болатын. Солардың арасында «Урал ЛТД»ЖШС мен  Motors KST автосалоны ҚР білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды.IMG_1021
 «Урал ЛТД» – «Петербург трактор зауыты» АҚ-ның ресми дистрибьюторы. Кәсіпорынның базасында сайыскерлер «ауылшаруашылық машиналарына қызмет көрсету және жөндеу» тапсырмасы бойынша сынға түскен.  Қостанай автожол колледжі директорының орынбасары Сергей Булаттың айтуынша, шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
-Қазір өндірістік тәжірибесі бар маман табу қиын. Сондықтан, WorldSkill-ке өндірістік база қажет болғанда кәсіпкерлер Палатасы хабарласты. Біз бірден келісім бердік. Өйткені, кәсіпорын басшысы ретінде, мұндай мамандар даярлау ісіне біз де мұқтажбыз, – дейді ЖШС бас директоры Валентин Романов.
Валентин Романов бүгінде Үкіметтің жұмысшы мамандықтарына көп көңіл бөліп отырғандығына ризалығын білдірді. 
Автодом Motors KST-те шараны өткізерде белсенділік танытты. Бұл компанияның басшылары сайысты ұйымдастыру кезінде екі көлік бөлді. Студенттер осы техникаларды пайдалана отырып, көліктерге қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарын көрсетті.IMG_1017
Байқау қорытындысы бойынша қостанайлық студенттер бес алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Енді бірінші орын алғандар келесі жылы Ресейдің Қазан қаласында өтетін чемпионатқа қатысады.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓