“Кселл” көрсеткіштері өсе бастады
“Кселл”, Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы табыс пен абоненттік база көлемі бойынша алдыңғы қатарлы оператор, 2014 жылдың қаңтар-наурыз аралығындағы қызмет қорытындылары туралы есеп берді.
Осы жылдың бірінші тоқсанында ұялы оператор өз табысын 2,4 пайызға арттырды, жалпы табысы 44 107 миллион (қырық төрт миллиард жүз жеті миллион) теңгені құрады, ал компанияның таза пайдасы 15 635 миллион (он бес миллиард алты жүз отыз бес миллион) теңгені құрап,14,5 пайызға артқан. Компанияда сондай-ақ осы тоқсан ішінде абоненттік базаны қарау жұмыстары жүргізілген, оның таза нәтижесі минус 789 мың абонентті құраған.
Компанияның дауыс қызметтерінен түсетін табыс бірінші тоқсанда 5,8 пайызға төмендеген, бірақ осы төмендеу мәліметтерді беру қызметінен түскен табыстың өсуімен өтелген, ол осы кезеңде 46,8 пайызға артқан және 8 326 миллион (сегіз миллиард үш жүз жиырма алты миллион) теңгені құрады. Қосымша қызметтерден түсетін табыс 4 274 миллион (төрт миллиард екі жүз жетпіс төрт миллион) теңгені құрап, 8,9 пайызға артқан.Табыстың басқа да түрлері 141 миллион теңге деңгейіне дейін жетіп, 15,9 пайызға төмендеген.
Дауыс трафигінің көлемі 5 576 миллион (бес миллиард бес жүз жетпіс алты миллион) минутты құрап, 0,9 пайызға өсті. Сонымен дауыстық қызметтер тарифтердің төмендеуімен көрсетілді, соның нәтижесінде минуттың орташа бағасы 4,3 теңге деңгейі-не төмендеді (2013 жылдың 4 тоқсанында 4,7 көрсеткен).
Мәліметтерді беру көлемі 6,477,665 Гб (3,104,833) құрап, екі есеге артты. Компания өз абоненттеріне төменгі тарифтер қызметтерінің пакетін ұсынады. Соның нәтижесінде ұялы ғаламтор тағы да қолжетімді болды: 2014 жылдың бірінші тоқсанында 1 Мб 1,3 теңгені құрады (2013 жылы орташа 1 Мб 1,6 теңге деңгейін көрсеткен).
Тоқсанның табысты нәтижелеріне түсініктеме бере отыра, “Кселл” АҚ бас атқарушы директоры Али Аган атап өтті: “Мен 2014 жылдың бірінші тоқсанында жеткен маңызды жетістіктер туралы хабарлауға қуаныштымын. Біз нарықтағы көшбасшы орнын сақтадық және ішкі нарықтағы бәсекенің күшеюіне және күрделі нормативті-құқықтық ортаға қарамастан абоненттік базаның өсуін көрсеттік. Біз табыстың өсуін мәліметтерді беру қызметтеріне сұраныс есебінде бақылауды жалғастырамыз, ол 3G желісін өрістетуді жалғастырумен мақұлданған. Күшті баға қысымына қарамастан, EBITDA бойынша көрсеткіш 55 пайыз асатын телекоммуникация секторында ең жоғары деңгейде сақталды. Мәліметтерді беру қызметтерінің қызықтыратын және қолжетімді қызметтері табыстың және абоненттік базаның өсуін қамтамасыз етеді және осы жылы “Кселл” үшін стратегиялық басты бағыт болып қалады. Осы уақытта, біз қызметімізге тұрақты даму мен іргетасын нығайту үшін және бизнестің барлық саласында нәтижелерге қол жеткізуге өзгерістер енгіземіз. 2014 жылы және кейінгі жылдарда “Кселл” клиенттеріміздің тұрақты өзгеретін қажеттіліктерін қанағаттандыруды жалғастыра отырып, жаңа өнімдер мен инновациялық қызметтерді жасауды жалғастырады.
Осы жылдың сәуір айында “Кселл” компаниясы “Exclusive” талдау журналы және Еуразиялық Бизнес Форумы ұйымдастыр-ған “Тұрақты беделдігі үшін” номинациясында “Топжарған” жобасының жеңімпазы болды. “Кселл” бірнеше жыл қатарынан талдау негізінде, сату көлемі және табысы бойынша “Эксперт-200-Қазақстан” рейтингінде Қазақстандағы ұялы байланыс саласында көшбасшы болып саналған. Компания сонымен қатар ТМД елдерінің ірі бизнесінің 50 көшбасшысы құрамына еңбек өнімділігінің деңгейі бойынша “Эксперт РА” (Ресей)” рейтингіне енді. Осы рейтингте “Кселл” Ресей және Украинаның ұялы операторларын басып озды. Сарапшылар бағасы бойынша, “Газ-пром”, “Роснефть”, “Трансаэро” және “Балтика” корпорацияларына қарағанда “Кселл” компаниясында еңбек тиімділігі жоғары.
Компания сонымен бірге Қазақстандағы клиенттерді қанағаттандыру деңгейі бойынша EPSI (Клиенттерді қанағаттандырудың жалпы еуропалық индексі) рейтинг нәтижесі бойынша көшбасшы болып қалады. Осы рейтинг негізінде тұтынушымен ұялы байланыс операторының өзара қатынастардың тәжірибесінің талдауын қанағаттандырудың 5 аспектісі бойынша көрсетеді- имидж, жұмыс сапасы, компанияға қатысты тұтынушыны күтуі және баға/сапаның арақатынасы (ақша құндылығы). 2013 жыл мәліметтерінің терең талдауы басқа операторларға қарағанда Kcell бұрынғысынша өз клиенттерімен үздік болады. Тұтынушыларды қанағаттандырудың индексі өзгерген жоқ және 77,5 баллды көрсетті, тұтынушылар бұл сапа мен қызмет көрсету бойынша ең үздік бренд деп есептейді.
Операциялық мәліметтер |
қаңт-наур 2014 |
қаңт-наур 2013 |
өзг (%) |
қаң-желт 2013 |
Кезеңнің соңындағы абоненттер (мың)
|
13,492
|
13,773
|
-2,0
|
14,307
|
Олардың ішінде аванстық есептесу тәртібінде |
11,804 |
12,067 |
-2,2 |
12,593 |
MOU (мин/ай) |
147 |
149 |
-0,7 |
152 |
ARPU (теңге) |
1,057 |
1,043 |
1,3 |
1,106 |
Кезеңнің соңындағы қызметкерлер |
1,499 |
1,638 |
-8,5 |
1,488 |