Бірлігі күшті ЕЛ ОЗАДЫ

IMG_00081 мамыр – Бірлік күні орталық алаңға ағылған қостанайлықтардың қарасы қалың. Қолдарына түрлі-түсті шар мен жалаушалар ұстаған үлкен-кішінің санында есеп жоқ. Бәрінің жүзі жайдары. Айналайын табиғаттың өзі сол күні ерекше жайнап кетті. Аспан шайдай ашық, көк жүзінде күн күлімдеп тұрды.

Ынтымақ мейрамына орай облыс әкімдігінің алдындағы алаңда “Достық керуені” атты концерттік бағдарлама болды. Оған жергілікті өнерпаздармен қатар этно-мәдени бірлестіктер және облыстық басқармалар атсалысты. Ерекше атап өтер жәйт, білім басқармасының басшысы Ә.Төртқараева мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е.Жаулыбаев және оның орынбасары М.Моргунов мерекелік қойылымға бас болып өздері қатысты.

IMG_0115Бұл күні әсем ән, әдемі би,  театрландырылған қойылым бәрі-бәрі Қазақстандағы татулық пен тұрақтылыққа арналды. Түрлі этнос өкілдері өздерінің салт-дәстүрі мен мәдениетін, өнерін паш етуде аянып қалған жоқ. Әні мен сәні жарасқан өнерпаздар мерекенің ажарын аша түсті. Жасы келген ата-әжелеріміз екі аяқтан тік тұрып, концертті тапжылмай тамашалады.

IMG_0361Мерекеге облыс әкімі Нұралы Садуақасов та қатысты. Өңір басшысы айтулы мейраммен қала тұрғындарын құттықтаған болатын.

– Қазақ жеріне қо-ныстанған өзге этнос өкілдері жергілікті халықпен етене жақын араласып, бір атаның баласындай болып кетті. Сондықтан, біз үшін достық, бауыр- ластық ұғымы тым бағалы. Қоғамдық келісім мен өзара түсіністік еліміздің өркендеуінің негізі іспеттес, – деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.

Қымбат

       ДОСЖАНОВА

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓