Қос жорықшының сәлемдемесі (ВИДЕО)

«Қызбел-Қандыағаш-Қарабау» бағытында «Бабалардың ізімен…» жаяу жорығына шыққан қостанайлық қос азаматты Миялы ауданының игі-жақсылары қарсы алып, жөн-жоралғысымен әрі қарай шығарып салған. Алда – Өтей батырдың жатқан жері Қарабау елді мекені. Осы екі аралықта Тайсойған елді мекенінің тұрғындары саяхатшыларды күтіп отыр. Сол ауылға соққан соң әрі қарай діттеген жерге жетер күн де алыс емес. Екі күн жаңбыр жауып, жорықшылар сәл кідіріп қалған екен. Енді «Сәті Алладан!» деп жолға қамданды. Сіз бен бізге видео сәлемдеме жолдапты. 
 
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓