Құрылыс нысандарын аралады
Кеше Нұралы Садуақасов №19 мектеп ауданындағы, Мирошниченко көшесінде құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйдің жағдайымен танысты.
«Қол жетімді баспана» бағдарламасы аясында, алғаш рет құрылыста сынақ түрінде қолданылып отырған Үй құрылысы комбинатының өнімдерімен салынуда.
9 қабатты үйдің құрылысына 309,7 млн.теңге бөлінген. Бүгінгі күні 1-ші қабаты аяқталды.
«Біз құрылыстың қолайлы бағаға және де оның жылдамырақ аяқталуын қалар едік. Келешекте баспаналардың ыңғайлы болып, қожайындардың көңілінен шығуын қадағалаймыз. Үй жайлы, жылы болуы керек. Сол себепті де, құрылыс барысын қадағалап, ҮҚК жұмысын тексеріп шығуды жөн көрдім» , – дейді облыс басшысы Н.Садуақасов
«Әзірге аяқталған 1-ші қабаттың есеп-қисаптары мен ұсыныстары жайлы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біраз жерлеріне қайтадан өзгеріс енгізіп, жаңа құрылғыларды қолданудамыз. Осы қарқынмен әр қабат сайын жұмыс тезірек іске асатынына сенімдіміз.», – деп атап өтті ЖШС «Қостанай МБИ» директоры Маиль Тороян.
Кенже Қонысбай