Мереке алдындағы шаттық

Тәуелсіздік күні қарсаңында баспаналы болып жатқандардың қатары артуда. Солардың бірқатары қаламыздағы Юбилейный шағын ауданындағы №47 үйден пәтер алып, қуанышқа бөленді. Қоныстанушыларды облыс әкімі А.Мұхамбетов құттықтап, 66 пәтердің кілттерін заңды иелеріне жеке-жеке табыстады.IMG_1495
 
IMG_1595– Тұңғыш Президент, Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отырған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында, «Бақытты отбасы» бағыты бойынша көпқабатты тұрғын үйдің кілттерін халыққа тапсырғалы тұрмыз. Бұл үйдің құрылысына бюджеттен 526 млн 400 мың теңге жұмсалды. Үйдің көлемі – 4 116 шаршы метр. Мердігер – «Сыл» компаниясы. Тұрғын үйдің құрылысы бүгінгі таңда барлық өңірлерде қарқынды жүріп жатыр. Жалпы, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша осы бағдарлама аясында 330 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыруды жоспарлап отырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда ол 10 пайызға жоғары. Көп балалы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары бүгін баспаналы болуда. Қазір облысымызда тұрғын үйге ақша жинайтындардың қатары артып келеді. Алдағы уақытта «Қонай» мөлтек ауданында тұрғын үй құрылыстары басталады. Ол жерде 30 көп қабатты үй салынады. Сонымен қатар, «Береке» шағын ауданында 72 көп қабатты үй салынатын болады. Демек, алдағы екі-үш жылда жоспарланған құрылыс көп. Ең бастысы, тұрғын үйдің құнын сол қалпында ұстап тұруға тырысамыз. Тобыл өзенінің жағасында «Нұр әлем», «Астана», «Бәйтерек» сияқты жаңа шағын аудандар пайда болады. Оның сыртында көптеген әлеуметтік нысандар да қолға алынады. Тобыл өзенінің жағасында саябақ салынады. Мұның бәрі де біздің тұрғындар үшін, – деп облыс әкімі көпшілікті мерекемен құттықтап, пәтер иелеріне кілтті табыс етті.IMG_1874
 
IMG_1730
IMG_1879
IMG_1812
IMG_1790
IMG_1756
IMG_1747
IMG_1865
IMG_1654
IMG_1697
IMG_1714
IMG_1779
IMG_1903Бүгінгі күні баспаналы болғандардың қуанышында шек жоқ.IMG_1917
 
IMG_1927–Салымшы ретінде банкке үш жыл бойы ақша жинақтадым. Жарты жыл күтіп, құжаттарым өтіп, кеше ғана «ертең пәтер кілтін аласыз» деп телефон соққанда күні бойы сенер сенбесімді білмей жүрдім. Мереке қарсаңында шынымен де тамаша сыйлық болды, – деп лебізімен бөлісті Гүлжанат Әмірхамзина.
Ал осы пәтерді 12 жыл бойы аңсап күткен жалғызбасты ана Гүлнар Лекерованың қуанышы қойнына сыймай тұр.
–Расымен де баспанасыз 12 жыл жүрдім. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша арманыма қолым жетті. Енді жаңа жылды қызымыз екеуміз өзіміздің үйімізде қарсы алатын боламыз, – деп ерекше шаттанды.IMG_1947
IMG_1950Осы жерде жиналғандардың барлығына бүгінгі күн ең бір бақытты сәттердің бірі болмақ екені шындық. Баспаналы болып, армандарына қол жеткізіп жатқандарын тіптен айтып жеткізе алмай қуануда. Туған туыс, жақындар да осы сәтті бөлісу үшін арнайы келіп, көрші-көлем болып шашу шашып, шаттануда.   
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓