Қос марапат иесі

Халық қалаулыларына  арналған «Біздің депутат» республикалық-саяси газеті мен Парламент депутаттарынан қүралған редколлегиялық топ 2019 жылдың қорытындысына сай рейтинг нәтижесі бойынша ҚР мәслихаттарының ішінен үздіктерді анықтады.IMG_1418
Республика бойынша төрт аудандық, бір қалалық мәслихат хатшысы жәнен өңірлерлер арасында Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещанов «Үздік мәслихат хатшысы – 2019» медаліне ие болды.IMG_1437
 
IMG_1405Марапатты табыстау кезінде республикалық «Біздің депутат» газеті редакция алқасының төрағасы, құрылтайшы, Бас директоры Медет Оразалин:
-Сайлаубек Ерғазыұлы сегіз жылдан бері облыстық мәслихатты басқаруда зор еңбек сіңірсе, биыл көктемде мәслихат хатшыларының Сенат отырысындағы бас қосуында елге сыйлы азамат екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп берді,-деп атап өтті. IMG_1442
 
IMG_1453Айтпақшы,  Сайлаубек Ещанов күні кеше ғана ҚР ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен марапатталғанын айта кеткен жөн.IMG_1422
– Елбасы жарлығымен алтын медальге ие болғанымды өз басым  зор мақтаныш тұтамын. Бұл марапат маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Өздеріңіз білесіздер, еліміздің тұңғыш Президенті құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы қыруар жұмыс атқарды. Еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері Тәуелсіздік алғалы бері ел экономикасының нығаюуына, мәдениет пен өнердің дамуына шексіз үлес қосты деп есептеймін,-дейді облыстық мәслихаттың хатшысы.IMG_1432
«Үздік депутат-2019» медаліне ие болғандар арасында облыстық мәслихаттың депутаты, ССКӨБ  АҚ Бас директоры Береке Мұхамедқалиев те бар.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓