Ұлттық спорт дәріптелді
Ұлттық сананы жаңғырту – халқымыздың болашаққа нық қадаммен ілгерілеуінің басты негізі. Ауқымы кең «Рухани жаңғыру» бағдарламасы осының кепілі болмақ.
Рудныйда бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ұлттық спорт түрлері бойынша VIII облыстық фестиваль өтті. Іс-шараның ашылу салтанатында спортшыларды құттықтаған Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев соңғы жылдары ұлттық спортқа деген қызығушылық арта түскенін алға тартты.
Бұған дәлел ретінде дәстүрлі фестивальге қатысушылар санының өскенін келтірді. Сан бар жерде сапа да болады. Биыл додаға облыстың 4 қаласы мен 16 ауданынан 500-ге тарта спортшы келді. Олар тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, арқан тарту, қол күресі бойынша өз бақтарын сынады.




Қуаныш ЕСҚАБЫЛ