Дәурен Саудабаев: Ендігі қоныс Қонайда!
Қостанай облысында ашылған 65000-нан астам депозит осы жылы мемлекеттен сыйлық ала алады. Биыл аймақтың 16300 тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісім-шартқа қол қойды. Осы 65000 облыс тұрғыны 31,5 млрд теңге қаржы жинаған. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қостанай облыстық филиалы («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) директор Дәурен Саудабаев мәлімдеді.
– Бүгінде біздің банк жүзеге асырып жатқан тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі ең тиімді және сұранысқа ие болып отыр. Мәселен, 2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша банк нарықтың 75% үлесімен Қостанай облысында берілген ипотекалық қарыздар бойынша көшбасшы болды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымдар бойынша тиімді мөлшерлеме 13,0%-ға жетеді. Мемлекеттің 20% мөлшеріндегі сыйақысының арқасында 2% базалық мөлшерлеме бойынша депозиттер бойынша осындай жоғары табыс қамтамасыз етілген. Сыйақы 200 АЕК немесе 505 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Яғни, егер салымшы бір жыл ішінде осындай соманы жинаса немесе оны бір мезгілде енгізсе, 2019 жылдың қорытындысы бойынша ол ең жоғары сыйақы – 101000 теңге алады. Қазақстанның әрбір азаматының мемлекет сыйлығын алуға мүмкіндігі бар, ол үшін банк кеңесшілеріне хабарласу керек, олардың байланыстарын сайтта табуға болады hcsbk.kz немесе банк бөлімшесіне келу керек, – деп түсіндірді Дәурен Саудабаев.
Егер ҚТҚЖБ депозитінде бір жыл ішінде жинақталған сома 200 АЕК-тен жоғары болса, онда көтермеленбеген қаражаттың қалдығы келесі жылы мемлекет сыйлықақысын есептеу кезінде ескерілетін болады.
Дәурен Саудабаевтың айтуынша, жеке есепшот арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға болады. Мысалы, қазір оның шеңберінде пәтерді таза әрлеуде 1 шаршы метр үшін 140 000 теңге бағасымен сатып алуға болады, ал Қостанай облысындағы жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы қазан айында 1 шаршы метр үшін 229,8 мың теңгені құрады. Банк жылдық 5% ставка бойынша қарыз береді. Шотта бастапқы жарнаның кемінде 20% болуы қажет. Тұрғын үй және төлем қабілеттілігін растау бойынша есеп айырысу мысалы төмендегі кестеде көрсетілген:
1 бөлмелі пәтер
|
5 517 400 теңге, бастапқы жарна – 1 114 080 теңге,
|
ай сайынғы төлем сомасы – 37 693 теңге.
|
2 бөлмелі пәтер
|
8 097 600 теңге, бастапқы жарна – 1 619 520 теңге
|
ай сайынғы төлем сомасы – 54 793 теңге
|
3 бөлмелі пәтер
|
10 976 000 теңге, бастапқы жарна – 2 195 200 теңге
|
ай сайынғы төлем сомасы 74 270 теңге
|
– Жас отбасылар үшін 1 бөлмелі пәтерді сатып алуға қарыз алу үшін жалпы жиынтық табыс 87 500 теңге болууы тиіс. Қостанай облысында тұрғын үйді жалға алу бағасын салыстырайық. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құны 1347 теңгеге жеткен. Бұл «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатып алынған жеке тұрғын үй үшін ай сайынғы төлемнен қымбатқа түседі, – деп толықтырды филиал директоры.
2019 жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қостанай облыстық филиалы 15 млрд теңгеден астам сомаға 2427 несие берді. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы мемлекеттік бағдарламалар іске асырыла бастағаннан бері облыстың 3018 тұрғыны жалпы ауданы 136 155 шаршы метр тұрғын үй алды, 52 үйдің құрылысы мен іске асырылуына келісім-шарт жасалды.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2020 жылы Қонай шағын ауданында 23 үй (1065 пәтер) және Әуежай шағын ауданында 4 үй (324 пәтер) салынып, пайдалануға беріледі, сондай-ақ Қонай шағын ауданында жеке тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Ендігі жылы банк «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастырады. Жалпы, 2019 жылы Қостанай облысында 1,45 млрд теңге сомаға 198 өтінім мақұлданса, оның ішінде 533 млн теңге сомаға 74 отбасы несие алған.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев