Жәрмеңкеде бәрі бар

Бүгін  облыс орталығының үш шағын ауданында ауыл шаруашылық өнімдері тағы бір мәрте арзан бағаға саудаланды. Жалпы, айтулы шараға облысымыздың 14 ауданы мен 2 қаласынан 137 кәсіпорын, шаруа қожалықтары мен серіктестіктер, қайта өңдеуші өнеркәсіптері қатысып отыр. Сауданың өтуіне өңір басшылығы мұрындық болып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен мал дәрігерлік басқармасы бақылауға алған.
DSC_0650Таңғы сағат тоғыздан басталған «Алтын күз – 2014» жәрмеңкесіне КСК DSC_0646тұрғындары да ерте жиналды. Жастар бульварының кіреберісіндегі аудан-ауылдардан келген саудагерлер мен жергілікті халық ауа-райының қатулығына қараған жоқ, желдің ызғары да оларға кедергі бола алмады. Қайта тұрғындар қала орталығына сабылмай, өздері тұратын шағын аудан аумағынан керекті тағамдарын алуға мүмкіндіктің жасалып жатқанына разы. Халық ең көп тұтынатын тауарларға кезек те ұзын-сонар – қолды-қолға жетпей сатылып кетіп жатыр.
DSC_0647Негізінен мал, құс, доңыз еттері, жұмыртқа, ұн, сүт өнімдері мен DSC_0642көкөніс, жеміс-жидек түрлері, сұйық май әдеттегі бағадан 25-30% дейін арзан бағаға қойылыпты. КСК шағын ауданына Науырзым, Әулиекөл, Қарасу өңірлерінен келген шаруашылықтардың отыздан астам тағам өнімдері саудаға шығарылған. Біз бұл жөнінде жәрмеңке басынан облыстық мал дәрігерлік басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбайдан білдік. Басқарма жетекшісі бүгінгі жәрмеңкеге өткен жолғыға қарағанда еттің анағұрлым көбірек әкелінгенін айтты:
DSC_0638DSC_0654– Бұның алдындағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 2 тонна ет әкелінген болатын. Соны халық екі сағаттың ішінде тауысып әкетті. Ал бүгін 3 тонна ет өнімдері әкелініп отыр. Неге десеңіз, күн суытып келеді де, адамдардың етке сұранысы арта беретін мезгіл бұл. Мал, доңызбен қоса, үй құстарының еттері де көптеп саудаланып жатыр.
 
           
Қыдырбек Қиысханұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓