Жоба мақсаты – баспанасыздар санын азайту

1990-2000 жылдары жергілікті билік тұрғын үй қорын сақтау мақсатында бос қалған пәтерлерге азаматтарды уақытша орналастырған еді. Тек біздің өңірде коммуналдық меншікке өтуге жататын иесіз қалған 500-ден астам пәтер тіркелген.баспанаАлайда, қазіргі таңда ол баспаналарда уақытша тұрып жатқан 364 азамат бар. Олардың тұрғын үйді кезек ретімен алатын мүмкіндігі жоқ. Ал уақытша баспаналарынан қуып шығатын болса, оның соңы үлкен келеңсіздікке ұласуы мүмкін. Себебі, әлгі азаматтар жылдар бойы қараусыз қалған пәтерлердің барлық коммуналдық төлемақысын өтеп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді дейді облыстық прокуратураның 1-ші басқарма бастығы А.Сыздықов:
-Міне, осы мәселені шешуге облыстық прокуратура мүдделілік танытты. Біз мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, «Қолжетімді тұрғын үй» жобасын әзірлеп отырмыз. Бұл жоба иесіз қалған баспаналарды басқарудың тиімді концепциясын жасауға мүмкіндік бермек. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде иесіз үйлердің саны және құжатсыз тұрып жатқан адамдар санының төмендеуі күтілуде.
        
Қыдырбек Қиысханұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓