БІРЛЕСКЕН КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалында Партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Жиында Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы талқыланды.  Бағдарламаның өңірдегі жүзеге асу барысы туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аида Құсайынова баяндады. Оның айтуынша,бағдарламаның үшінші бағыты бойынша соңғы үш жыл ішінде 85 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 2017 жылдан бері облысқа басқа өңірлерден 3165 адам келіп тұрақтап қалған. Оның 1867-сі  – қоныс аударушы, 1298-і  – оралман.  Қоныс аударушылардың дені Түркістан (530 адам), Қызылорда (499 адам) және Жамбыл (260 адам) облыстарынан келген. Өңірге тұрақтап қалғандардың көші-қоны мен бастапқыда баспана жалдап тұруына 440 млн теңге демеуқаржы бөлінген. Оралмандар мен қоныс аударушылардың 1392-сі тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың ішінде дәрігер, фельдшер, акушер, мұғалім, даяшы, есепші, жүргізуші, механизатор, дәнекерлеуші, инженер, мал дәрігері, логопед, т.б. мамандар бар. Сонымен қатар, 48 адам жеке кәсіп ашса, 58 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік курсынан өткен.DSC_6768
 
«Еңбек» бағдарламасының бірінші бағытының жүзеге асу барысы туралы Білім басқармасының басшысы В.Цымбалюк баяндады. Бүгінде бұл бағыт бойынша 35 колледжде 2785 студент білім алып жатыр. Бұл шәкірттердің тең жартысы – әлеуметтік жағдайы төмен ортадан шыққан. Олардың ішінде көп балалы отбасылар (335 адам) мен аз қамтылған отбасылардың (581 адам) балалары, жетімдер (168 адам) мен кемтарлар (33 адам) бар.
DSC_6758
Биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында «Техникалық қызмет көрсету, автокөлік жөндеу» мамандығы бойынша 21 студент оқуын тәмамдап, 18 түлек тұрақты жұмыс тапқан.   Ал 2020 жылы бұл бағдарлама бойынша 1 мыңға жуық түлек оқуын аяқтайды.
Жиында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев өзі басқарып отырған саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓