COVID-19: +55!
6 қарашада Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 55 адамның жұқтырғаны анықталды.
Сырқатқа шалдыққандар: Қостанай қ. – 25 адам, Рудный қ. – 14, Жітіқара қ. – 5, Қостанай ауданында – 5, Қарабалық ауданында – 2 және Аманкелдi, Алтынсарин, Қамысты, Сарыкөл аудандарында 1 адамнан.
Індет жұқтырғандардың ішінде 42 адамда ауру белгілері болды, 13 адамнан симптомсыз түрі анықталып отыр.
49 адам өз өтініші бойынша, 4 адам мемлекеттік шекараны автоөткел арқылы кесіп өткен кезде, 1 адам стационарға жатқызар алдында эпидқадағалау мақсатында, 1 адам коронавирус инфекциясы диагнозы расталған адаммен байланыста болғандықтан тексерілді.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 6 қараша аралығында COVID-19 жұқтырудың 3808 жағдайы тіркелді, 3225 адам емделіп шыққан.