Аманкелділіктер табысы
Оңтүстік өңірлерге іссапармен барған облыс әкімі Аманкелді ауданына ат басын тіреді. Дәл қазір аудан әкімі Нұржан Өтегеновтің халық алдында есеп беру жиыны өтіп жатыр. Бұл туралы сол жақтағы тілшіміз хабарлайды.
Н.Өтегеновтың мәлімдеуінше, Батпаққара өңірінде өткен жылы инвестициялық жобалар қарқынды жүзеге асқан. Ауданға қарасты Есір ауылында "Шеген" шаруа қожалығы базасында жеке қаражат есебінен жалпы құны 100,0 млн теңге болатын 3800 тонналық көкөніс сақтау қоймасы ашылған. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жұмысы да жемісті. 2017 жылы сауылған сиыр сүті – 24 197,4 тонна, мал мен құс етінін союға өткізілгені – 4 761,8 тонна.
Ақпарат кейінірек толықтырылады.