Жастар Елбасын қолдайды
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті алаңына өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждерінен 200-ге жуық студент жиылды. Оларға Жастар ресурсы орталығының еріктілері де қосылды. Қатысушылар би билеу барысында сапқа тізіліп, «Рухани жаңғыру» логотипін бейнеледі. Жастар ресурсы орталығының жетекшісі Айгүл Абдуллинаның айтуынша, Қостанай жастары бұл флешмоб арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдайтынын жеткізгісі келді.«Осындай шаралар жастарды біріктіре түседі және бойларына патриоттық сезім ұялатады. Біз бес түсті жейде киген жастардың би қимылдары арқылы «Рухани жаңғыру» логотипін бейнелеп, одан соң «Қостанай» жазуын көрсеттік», – деді орталық жетекшісі.
Флешмоб квадрокоптердің көмегімен биіктіктен түсірілді.