Жарқ еткен жасын ғұмыр

Шығармашылығын тұтастай туған өлкесіне арнаған әуесқой сазгер, ақын Ерлан Қадырұлы Нұрманғалиев ағамыздың шығармашылық мұрасын ел ішіне насихаттау, сол арқылы өскелең ұрпақты елжандылыққа өз елін, жерін сүйетін, мәдениетін құрметтейтін тұлға ретінде қалыптастыру – кейінгі тыңдарманының мақсаты. Өзінің білім алған Н.К.Крупская атындағы жалпы білім беретін негізгі орта мектебінің ұжымы «Ән мен жырдың жампозы» атты тақырыпта еске алу кешін өткізді. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізіліп отырған бұл шараға ауыл кәсіпкерлері де өз үлестерін қосқаны қуантады. Кешке ақын әрі композитордың анасы, бауырлары, ұстаз-дары, жолдастары, әріптестері мен шәкірттері құрметті қонақ ретінде шақырылып, Ерлан ағамыз жайлы өз естеліктерімен бөлісті.
 
 
333
Ерлан Нұрманғалиев 1971 жылы 2 қараша күні Қостанай облысы Аманкелді ауданының Қабырға ауылында дүниеге келген. 2 сыныпта оқып жүрген кезінен-ақ ән айтып, 5 сыныптан бастап өлең жаза бастады. Туған елін, жерін әсем әнімен бөлеп, халқына сарқылмас мол рухани мұра қалдырып кетті.
222222
Аяулы азамат қаза тапқанда елінің, туған-туыстарының, жол-дастарының, әріптестерінің, шәкірттерінің қабырғасы қайысып, қара жамылған еді. Аз ғана ғұмырында көптеген әндер, термелер жазып, күй шығарып, артында өшпес із қалдыр-ған ағамыздың ән-жыры өлмек емес.
11111
Шара соңында ас беріліп, марқұмның рухына құран бағышталды. Кешке келген қонақтар мектеп ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.
4444
Салтанат ҒАФАРОВА,
Н.К.Крупская атындағы жалпы білім беретін негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі,
Қабырға ауылы,
Аманкелді ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓