Балдырғанның жеңісі
Наурызым ауданы Мереке негізгі мектебі жанындағы шағын орталықтың тәрбиеленушісі Ернар Айбекұлы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған білімқұмар балаларға арналған республикалық «Үркер» зияткерлік марафонына қатысып жеңімпаз атанып отыр. Ол грамотамен бірге медаль иеленді.
Марафон тапсырмасы 8 сұрақтан тұрады. Үш жасар Ернар барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, үздік шықты.
– Ернар Айбекұлы жасы небары үште ғана болғанына қарамастан, зерделі, талапты, өжет екенін көрсетіп, қатысушылар арасынан алға суырылып шықты. Ол осымен өз қоржынына 3 мадақтама иеленіп отыр. Кішкентай Ернарға алдағы уақытта да үлкен биіктерден көрініп, жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз, – дейді жеңімпаздың жетекшісі Гүлмира Тойшина.
Қыдырбек Қиысхан