Ақынның шығармашылық кеші
«Өлең – менің бөбегім, іште жатқан шеменім,
Тамырымнан алады тіршілікке керегін.
Қызуымен дененің, жалынымен өлеңнің,
Жаурап жүрген жұртымды жылытайын деп едім…»
Тамырымнан алады тіршілікке керегін.
Қызуымен дененің, жалынымен өлеңнің,
Жаурап жүрген жұртымды жылытайын деп едім…»
Бұл өлең жолдарының авторы белгілі қаламгер Акылбек Шаяхмет. Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Махмұт Қашқари атындағы халықаралық сыйлықтың, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жеңімпазы, «Құрмет» ордені иегерінің шығармашылық кеші өтті.
Осыдан екі жыл бұрын ақын шығармашылығының елу жылдығына орай салтанатты кездесу өтіп еді. Онда қаламгердің төрт бірдей кітабының тұсаукесері өткен-тұғын. Ал бұл жолы қалың оқырманның өзі ақыннан кеш ұйымдастыруын сұраған екен. Сол себепті, бүгінгі кездесу құттықтау-лебіздер мен сый-сияпаттан гөрі, көбіне әдеби-сазды форматта өткенін айта кетейік. Ақынның ел арасына тараған өлеңдері мен әндері жұртшылыққа тарту етілді.
Кеш иесін облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов құттықтап, қаламгердің елге сіңірген еңбегін, өңіріміздің мәдениетіне қосқан үлесін айрықша атады. Ал Алматыдан арнайы келген «Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов» атындағы қордың өкілі, «Қазақ» газетінің бөлім меңгерушісі Қали Қамбаров Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің құттықтау хатын табыстады. Мемлекет және қоғам қайраткерлері Кенжебек Укин, Ысқақ Есіргепов, белгілі ақын, ақбар қажы Жолбарыс Баязид ағалық ізгі тілектерін білдірсе, замандастары мен мен інілері – Бағытұр Дәндібаев, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов, кәсіпкер Тұрсынбай Сәдуақасов шапан жауып, сый-тартуын жасады.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.