Табысқа апарар көпір
Тәжірибелі қызметкерлер жаңадан келген жас мамандарға шын көңіл бөліп, көрген-білгенін үйрету үшін не керек? ERG кәсіпорындарында тәлімгерлік жүйесін қалай жақсартуға болады? Бұл қаншалықты тиімді, қандай кедергілер бар және оларды қалай жоюға болады?
Осы және өзге де сұрақтар Рудныйда өткен «Ұрпақтар көпірі» тренингінде таразы талқысына салынды. Екі күндік ауқымды шараға «ССКӨБ» АҚ, «Қазақстан Алюминийіне» қарасты Краснооктябрь және Торғай боксит кен басқармаларының 84 тәлімгері қатысты. Олардың жалпы жұмыс өтілі 2359 жылды құраса, 1323 жылы тәлімгерлік қызметке тиесілі.
Тәлімгерлік – бұл сән немесе инновация емес, дәстүрлі оқыту әдісі. Ежелгі дәуірлердің өзінде жас шәкірттер шебердің қасында жұмыс істеп, мамандықты зерттеген. Бұл әдіс бүгін де кеңінен таралған, әсіресе, оны өндіріс орындарында қолданудың көптеген мысалдары бар.
Тренингтің бірінші күні тәлімгерлер жас мамандармен бірлесіп, тиімді тәлімгерліктің ТОП-10 кедергісін таңдады. Олар: өмірдің әртүрлі құндылықтары мен жұмысқа деген көзқарасы, білім сапасы, оқуға деген құштарлығы, ескі жабдықтар, жас маманға сенімсіздік, тәлімгердің тәкаппарлығы, коммуникативті кедергілер, тренинг өткізетін жаттықтырушылардың жетіспеуі, педагогикалық шеберліктің болмауы, тәлімгердің жоғары жүктемесі.
Эмоциялар, ақпарат, логика, қиял, түйсігі және шығармашылық – барлық процестер адамда бір уақытта жүреді: біз бірден көп нәрсені жасауға тырысамыз. Мұнда жаттықтырушылар Эдвард де Бононың «Ақылдың алты қалпағы» әдісін басшылыққа алды. Ол тәлімгерлерге эмоцияны логикадан, креативтіліктен ақпараттан ажыратуға және осы мәселе бойынша ұсыныстарды дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік берді.
– Бұл әдіс қатысушылардың ойлау қабілетін байыта түсіп, анағұрлым жан–жақты етеді. Егер біз біреуді әлдебір нәрсе туралы ойлауды сұрасақ, олар жиі түсінбеушілік танытады. Ал егер алты қалпақ схемасын пайдалана отырып, затты талдауға шақырсаңыз, олардың қабылдау кеңдігі арта түседі. Сол себепті де тренингтің осы бөлімінде тәлімгерлер барынша ой ізденісінде болып, жақсы нәтиже көрсетті, – дейді «Росттренинг» компаниясының бизнес–тренері Қайсар Мақан.
Екінші күні қатысушылар топтық жұмыстың нәтижесінде мінсіз тәлімгердің «портреттерін» жасады. Берілген заттар: қағаз, қарындаш, желім мен әйелдерге арналған глянец журналы ғана. Алайда «еуразия–
лықтардың» қиялы шексіз емес пе. Он топқа бөлінген командалардың «портреттері» бір–біріне ұқсамайды. Дегенмен, барлығының ойы бір жерден шықты: тәлімгердің идеалды бейнесі жоқ, өйткені шәкірттердің өздері бір–бірінен ерекшеленеді. Осыған орай аға буын, ең алдымен, тағылымдамадан өтуші мен қарым–қатынасқа деген сенім атмосферасын қалыптастыруы керек.
лықтардың» қиялы шексіз емес пе. Он топқа бөлінген командалардың «портреттері» бір–біріне ұқсамайды. Дегенмен, барлығының ойы бір жерден шықты: тәлімгердің идеалды бейнесі жоқ, өйткені шәкірттердің өздері бір–бірінен ерекшеленеді. Осыған орай аға буын, ең алдымен, тағылымдамадан өтуші мен қарым–қатынасқа деген сенім атмосферасын қалыптастыруы керек.
– Болашақта ERG кәсіпорнындағы тәлімгерлік тәжірибе, білім және құзыреттіліктер алмасу құралы ғана емес, сонымен қатар компания жастарына арналған толыққанды әлеуметтік лифт болуы керек. Мен кәсіпорында жұмыс істеп жатқаныма биыл 25 жыл толады. Әлі есімде алғашқы тәлімгерлерім Александр Аксенов пен Александр Гороховтың маған берген кеңестері. Соның арқасында кәсіби тұрғыда өсіп–өндік. Енді осы білгенімді жастарға барынша үйретіп келемін. Әрине, кедергілер де жоқ емес. Алайда осы тренингтің арқасында олардың бір бөлігін жоюға болатына көзім жетті, – дейді тренингтің нәтижелері туралы пікірімен бөліскен «ССКӨБ» АҚ Жөндеу–механикалық зауытының металл балқытушысы Равиль Ибраев.
Айта кетейік, Еуразиялық Топтың «Ұрпақтар көпірі» бірегей оқыту жобасы алдымен Павлодар өңіріндегі кәсіпорындардың жұмыскерлерін қамтыды. Тиімділігін көрсетсе, ендігі кезекте Ақтөбе, Қарағанды өңірлеріне де осындай тренингтер ұйымдастырылмақ. Ал жалпы компанияның 25 жылдығы қарсаңында 5000 қызметкер «Кәсібилер лигасы» жобасының аясында арнайы оқытудан өтті.
Қуаныш ДОСПАН,
Рудный қаласы.