Шешендік шеберлік курсы
15-16 қазанда «Жаңа медиа және SMM теориялық және практикалық оқыту және медиа-топ құру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Шешендік шеберлік курсы өтті.
Жоба мақсаты – білім беру, тәжірибе мен портфолио алу мүмкіндігі арқылы жас тілшілер мен белсенді жастарға арналған әлеуметтік лифт ұйымдастыру.
Екі күнге ұласқан курста тележүргізуші, диктор, дубляж актрисасы, сөйлеу техникасы және дауыс қою бойынша сертификатталған жаттықтырушы Салтанат Жаркебаева тренинг жүргізіп, дәріс оқыды. Айта кетейік, республикалық деңгейдегі тренер «Анық! Айқын! Түсінікті!» бірегей әдістемесінің авторы, Nescafe, Greenfield, Colgate және басқа компаниялардың брендтерінің жарнамаларын дауыстаған маман.
Jastar Saraiy конференц-залында толығымен тегін өткен курстарға 30-дан астам адам қатысты, Сондай-ақ, С.Жаркебаева іс-шара басталғанға дейін қатысушылармен қосымша таныстыру материалдарымен бөлісті. Бұл тілек білдірушілерге кездесуге дайындалуға мүмкіндік берді.
Шешендік шеберлікті дамытуға арналған екі күндік курстар «Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік тапсырысы бойынша «Жаңа медиа және SMM теориялық және практикалық оқыту және медиа-топ құру» жобасын іске асыру шеңберінде өтті.