Электр энергетикасы саласына өзгерістер енгізілді

Электрмен жабдықтау жүйесінде маңызды реформалар жүзеге асырылып отыр. Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдері қысқартылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алу қажеттілігі алынып тасталды. Енді жобалаушыға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталғаны туралы электронды хабарлама жіберу жеткілікті. Бұдан басқа, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желілеріне қосылуға рұқсат алу қажеттілігі алынып тасталды.
Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізуде.
"Электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді…
Салынып жатқан нысандарды электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезеңінде уақытша техникалық шарттар беріледі.
Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.
Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды", – деп жариялады Департамент.
Тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылыс-монтаждау жұмыстары мен сынақтарын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялары бар ұйымдар орындайды.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 172-бабының 6-тармағында энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушы энергиямен жабдықтаудың жеке шартын жасасудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Сұрақ туындаған жағдайды Департаменттің 8 (7142) 50-02-60 нөміріне хабарласуға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓