Бір адам қаза тапты
Арқалық – Торғай автожолында кеше жол апаты болып, бір адам қаза тапты деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Екі көліктің түйісуінен кейін МАЗ-дың тіркемесіне үшінші көлік келіп соғылды. Жол апатының салдарынан "ВАЗ 2106" автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты, ал сол көлікте отырған 11 жастағы жолаушының оң жамбасы сынып, ауруханаға жеткізілді, басқа адамдар зардап шеккен жоқ.